Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  89


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Бұл дала күлді талай, жылады да...

Бұл дала күлді талай, жылады да,
Келеді дкүй əуені құлағыма.
Чикаго қаласына қызықпаймын,
Құмартпаймын Альбион тұманына.
Алматы жеткізеді мұрадыма.
Төбесі ақша бұлтқа өрмелеген,
Көкке діңгек үйлерді көрмеген ем.
Сахарада кең басып жүремін мен,
Зəулімдерге илікпес кеудеменен.
Бауырым, жолдасымдай жалпы халық,
Болсын деп болашағым жарқын анық.
Аяймын Боливиялық бүлдіршінді,
Нан іздеген дорбасын артып алып!
Шетелде адам ұлы адамды алдап,
Жатқанда қорғасын оқ, ажал жалмап.
Қайғыдан – ауырамын жəне содан,
Жазыламын ырысты даламды ойлап!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу