Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  103


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Көсем

Жұлдыз дейсің, күн дейсің,
Жайнап тұрған гүл дейсің.
Ең жақсы гүл, жарық күн –
Ленин емей, кім дейсің?
Көсемменен кеңес те,
Өрле, биік белеске!
Бала Ленин келбеті
Жұлдызшада емес пе?
Ленин деген ұлы есім!
Сен кітаптан білесің.
Жүрді бастап жеңіске ол,
Əкелердің күресін.
Ту астында табысқан,
Бақыт үшін алысқан.
Əр адамның қамқоры –
Күн келбетті данышпан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу