Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  89


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Мына дала...

Мына дала,
Мына тау,
Мына атырап,
Дөңгелесін
Жер, күннің қуатын ап.
Тумасыншы ешқашан зұлым жандар,
Кейде мыңды жеңеді бір ақымақ.
Туды одан соң әмірші Темір деген
Жер бетінде ешкімнен жеңілмеген.
Сол Әмірдің кезінде
О, Жер-Ана,
Бір қабырғаң сөгілді сөгілмеген.
Сен оны да мыңқ етіп елемедің,
Соның бәрін білгенсің,
Көрегенім.
Өлген соң да жасырдың қойыныңа,
Сол қанқұмар жандардың денелерін.
Осыншама не деген пейілің кең,
Жауызға да қарапсың мейіріммен.
Жомарттығың түгілі ақтарылған,
Дархандықты сеземін кейуіңнен.
Кім көріпті шынында осындайды,
Досың түгіл білесің қасың жайлы.
Сөйте тұра кешесің барлығын да,
Содан кейін кім сені басынбайды?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу