Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  143


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Мен туған күн

Келген күнім өмірге менің бүгін,
Шешем байғұс сыйлапты өмір нұрын.
Достарым да керемет қуанышты,
Соны сезіп, өзім де көңілдімін.
Бір қызық қып өткізсем бүгінімді,
Соған жалғай берер ем ғұмырымды.
Салып жатыр есіме достарым да
Жастықтағы қайсыбір қылығымды.
Жылдар,
Жылдар, жасартсын қайдан бұлар,
Әжім жүзін маған да айнам бұрар.
Зыр еткенін жастықтың еске алғызып,
Мені есею мұңдантар,
Ойландырар.
Шашбауымды көтеріп тегі менің,
Тауып жатыр достарым көңіл емін.
Ал мен болсам ойлаймын сәл есейіп,
Ғұмырымның бір жылға кемігенін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу