Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  137


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Сүйікті болу қиын...

Сүйікті болу қиын.
Сүю қиын,
Махаббатқа жүрмейді диюлығың.
Ықыласқа сендегі құлайын мен,
Әділдікке мендегі сыйын, гүлім.
Сапырмаса шайқалтып көңіл көлін,
Өлтіреді ғашықтар өмірлерін,
Құмырсқа бел құшаққа сыймаса да,
Тимесе де ып-ыстық ерінге ерін.
Шын ұғысу –
Сүйісу ол да, жаным,
Сүйе алмайтын жандарға таңданамын.
Өліп-өшіп сүйе алсаң –
Қорғағаның,
Өліп-өшіп сүймесең –
Алдағаның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу