Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  127


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Өртенермін құмға ұқсап...

Тамшы су жоқ маңайда шөл басуға
Жанып барам,
Қиналды жолдасым да.
Төніп тұрған күн емес төбедегі,
Барады ұқсап
Балқыған қорғасынға.
Тындыра алмай тірлікте бір істі де
Баз кешер сәт жеткендей тыныш міне.
Балқыған күн
Төнеді жалынымен
Бұйрат-бұйрат бұйра жал құм үстінде.
Еркін өскен
Ерке едік екеуміз де,
Мынау шөлден аман-сау өтерміз бе?
Әлде бізді жұтып ап қомағай құм,
Болар ма екен мәңгілік мекен бізге?!
...Алаулы құм,
Еске алам өзіңді сәт,
Кеңге құлаш сермейтін
Кезім бұл шақ.
Саған төнген күнге ұқсап ғашық болып,
Өртенермін және де
Өзіңе ұқсап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу