Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  175


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Ашық – жарқын әзілің жарасымды...

Ашық – жарқын әзілің жарасымды,
Жансың сірә тап-таза бала сынды.
«Асыл адам айнымас»,
Мінезің бар
Тек жоғалтып алмағын сол асылды.
Сөзім осы – жансың сен шын сүйкімді,
Жүрегіңде бір жұмбақ жыр сыңсиды.
Жақындағым келеді саған қарай
Немене деп түсінем бұл сиқырды?
Әдемісің,
Көзің де тұр мөлдіреп,
Өзі өтініш айтады білген жүрек.
Ең болмаса керемет қылығыңмен
Түкпіріңде жанымның жүр желбіреп.
Міне, қызық, көріп пе ем осындайды,
Жүрегімнің аптығы басылмайды.
Бір сөз айтқым келеді,
Жаным шығып,
Жағым бірақ қарысып ашылмайды.
Болса сендей көп емес асыл адам,
Ондай жанға жаныммен қосыла алам.
Өз-өзінен мінезім кетті өзгеріп,
Немене боп қалды шын осы маған?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу