Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  87


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Ішімде кетер сырым бұл...

Қандай керім қыз еді
Тым қылықты,
Инабатты,
Ісі де тыңғылықты.
Күдіктенем ұнатып қалдым ба деп,
Кімге айтуды білмеймін бұл күдікті.
Ардың ісі менің де көтергенім,
Сөзімді де келмейді бекер дегім.
Өзіне де ештеңе білдіре алмай
Бұл бір сырым ішімде кетер менің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу