Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  240


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Шынарым менің, шырайлым менің...

Шынарым менің, шырайлым менің,
Айтқаныма да былай бір жөнін,
Көнбей-ақ қойдың, қызыл бидайым,
Көндірем деп ем, жылаймын дедің.
Тым ерке жансың жас баладайсың,
Сырымды ашып «масқаралайсың».
Не істесең-дағы өзің біл, мейлі,
Еркелігіңді тек тастамағайсың.
Шырайлым менің, шуағым менің,
Жауабын күткен сұрағым, демім.
«Оңаша қалып жападан жалғыз
Өзімнен өзім жыладым» -дедің.
«Ешқашан сенен қалмаймын» – дедің,
«Жапанда жалғыз жандаймын» – дедің.
Амалсыз сенің көңіліңді аулап,
Ешқайда енді бармаймын дедім.
Бір қызық жансың, жас баладайсың,
Осының өзін бақ санағайсың.
Кім не десе де, о, десін, мейлі,
Мінезіңді осы тастамағайсың.
Шынарым менің, шырайлым менің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу