Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  97


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Ғашық болсаң түсінер ең...

Жүрегімен,
Жанының жаңбырымен.
Шуағымен,
Сәулелі жан нұрымен,
Болып еді ынтызар,
Түсінбедің
Қайта оның ойнадың тағдырымен.
Кеудесіне ұйытты көңіл шерін,
Саған деген сәулелі сөнді сенім.
Қуантпадың өзіңді сүйген жанды
Тек мұңайту қолыңнан келді сенің.
Не деп айтам
Сенің де жолыңда мұң
Ұшырасып,
Еске алып соның бәрін
Сен өзің де біреуге ғашық болсаң,
Түсінер ең жаралы оның жанын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу