Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  120


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Қайырлы кеш, Алматы!

Ару қалам, алма қалам, жан қалам,
Туғанымдай жақынымсың сен маған.
Өзің де бір аумай қапсың күздегі
Алаулаған, жанып тұрған алмадан.
Қайырлы кеш, қайырлы кеш, Алматым,
Достық бағы, жастық бағы, жәннәтым,
Қайырлы кеш, қайырлы кеш, Алматым,
Достық сыры, жастық жыры самғасын.
Жарқыраған оттарың,
Кешкі сәнім – тәтті әнім
Ақ отауым, шаңырағым сен.
Жымыңдайды, күлімдейді оттарың,
Жұлдыздардай түнгі нұрлы көп қалың.
Сол жұлдыздар арасынан көп іздеп,
Менің де бар бір қымбатым – тапқаным.
Әр халықтың еркін өскен баласы,
Туысқандай бауыр басқан қарашы.
Өсіп-өніп соларменен ер жетіп,
Атандың сен миллиондар қаласы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу