Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  168


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Атқа қонсам қолыма өрім қамшы алып...

Атқа қонсам қолыма өрім қамшы алып,
Сергіп денем қалар екен қаншалық.
Сонда маған берер ме еді тау, шалғын,
Өзен, дала, ағаш біткен ән салып.
Ұлы далам, жылы-ау сенің түр-түсің,
Естіп шалғын, бұлақтардың күлкісін,
Сені аңсап келемін де қаладан,
Көңілімнің жазып қайтам қыртысын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу