Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  97


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Әлде соны жылдар бойы сағынды...

Әлде соны жылдар бойы сағынды,
Әлде көрсет деп уақытқа жалынды.
Менен бетер қуанды әкем білемін,
Көріп менің ең бақытты шағымды.
Қаншасынан өтті мен деп қатердің,
Қаншасын мен өзім тауып әкелдім.
Есімде жоқ.
Бірақ ауыр күрсіндім,
Самайының ағын көріп әкемнің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу