Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  99


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Бурабай мен ақын

– Арманың бар ма, Бурабай? –
Деп ақын одан сұрайды, –
Көгіңде жаңа туған ай
Көліңе келіп құлайды.
Сыңсиды орман түнімен,
Шолпылдап суың тынбайды.
Не айтып жатсың бұнымен
Не жайлы және кім жайлы?
Кезегі сонда келгендей,
Алды да үнсіз күлімдеп,
Ормандар,
Таулар,
Көлдер де
Сөйледі бәрі күбірлеп.
– Ауруды айықтырамын,
Жалғызға дос боп жетемін.
Сұлуды ару қыламын
Жігітті ақын етемін.
Келгеннің бәрін осында
Рақатты күйге батырдым.
Күш-қайрат беріп батырға,
Шығардым даңқын ақынның.
Әлдилеп тостым, жағамды,
Дерттіге дауа болғанмын.
Рақат сыйлап адамға
Бақытты ету – арманым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу