Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  79


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Мөлдіреп жатқан көлдерім, көгім...

Мөлдіреп жатқан көлдерім, көгім.
Селдіреп жатқан шөлдерім, жерім.
Шашымнан сипап бетімнен сүйген,
Желбіреп жеткен желдерім менің.
Ойларға батқан орманым, белім,
Таласқан бұлтпен тауларым дедім,
Кіндік қан тамған, о, туған жерім,
Өзіңсің жалғыз толғауым менің.
Елжіреп тұрып сүйемін дедім,
Тоңамын дедім, күйемін дедім,
Асан атамыз арман қып өткен
Қасиеттім менің, киелім менің...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу