Өлеңдер ✍️

  16.05.2022
  72


Автор: Баянғали Әлімжанов

Әбілсейттің көргенділігі

Күресте қайран қылған бар халықты,
Қазақта кiм бiлмейдi Айхановты,
Бас қосып алты құрлық алысқанда,
Айбаты Айхановтың байқалыпты,
Белiнен бұрап ұстап ырғағанда,
Алыптар нар бурадай шайқалыпты,
Оңтайлап оң жамбасқа салған кезде,
Шiк түсiп боз кiлемнен жай тауыпты!
Бiр жылы маңғұл жаққа барған екен,
Жеңiмпаз бәрiн жығып болған екен,
Қайткенде жеңемiз деп бұл қазақты,
Маңғұлдар түйе балуан салған екен.
Жекпе-жек шетелдегi батырға сын,
Шыєпауға амал бар ма шақырғасын,
Жасы үлкен тау тұлғалы сақа балуан,
Талайдың шаңға тыққан тақыр басын,
Көрмекке әуселесiн жас перiнiң
Балпаңдап боз кiлемге жақындасын,
Басталды ұлы айқасы екi алыптың,
Iнiде күш, ағада ақыл басым.
Даңқы зор, еңбегi мол маңғұлдық ер
Басына хан көтерген қабырғалы ел,
Толысып ер ағасы жасқа келген,
Күресте айла, тәсiл бәрiн бiлер,
Жараған қаңтардағы қарт бурадай,
Қалшылдап қаһарланса темiрдi үгер,
Қарымын байқаған соң Әбiлсейiт,
Күш тасып, өн бойында жалын жiгер,
Алыста ағалық жоқ дегендейiн
Бiр жынды ой дейдi жерге қағып жiбер,
Оңтайға ала берiп ойға қалды,
Болса егер ардагердiң белiн бүгер,
Өкпелеп маңғұл, қазақ түгел бәрi
Көргенсiз жөн-жобадан жаңылды дер,
Сындырмай ердiң сағын, елдiң бағын,
Алғысқа бөленетiн табылды жол.
Жапырып жiберем деп жас баланы
Бұлқынып балуан аға бас салады,
Бұқадай тiрескенде жер солқылдап,
Ел толқып, тау жаңғырды асқаралы,
Жас наһан жұлқығанда қарт қаһанның
Кiлемнен ажырады қос табаны,
Төңiрек тына қалды демiн тартып,
Жас бала жасайды-ау деп масқараны,
Ұршықтай үйiрсе де қапсырып-ап
Қайқайтып қара жерге тастамады.
Көтерiп алып барып орынына,
Қондырды қарт қыранды тұғырына,
Қол соқты тiк түрегеп қалың маңғұл
Көргендi ел қазақтың ер ұлына
Сол сәтте ұқсап кеттi Әбiлсейiт
Шыңғысты хан көтерген Тоғұрылға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу