Өлеңдер ✍️

  16.05.2022
  118


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Шаңғыда

Бір қырдан өтіп, біріне
Зулайсың қанат таққандай.
Ең алыс жердің түбі де
Жақындап келе жатқандай.
Тілгілеп қарды келем мен,
Үлпілдеп ол да тапталмай.
Бабалар сүйген өнерден
Жаныма желеу тапқандай.
Самғаған құстан қалыспай,
Еркіммен шығам қияға.
Адасқан жоқпын алыста,
Құлаған жоқпын сірә да.
Құйғытып келем есіліп,
Соңымда қалды бел бұраң.
Бітпейтін әндей көсіліп
Шақырып жатыр Тундрам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу