Өлеңдер ✍️

  16.05.2022
  107


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Сен оралған кезде.....

Талай күн, талай түн
Жолыңа қараймын.
Сағындым, сүйіктім,
Күтемін келер деп мен сені.
Сен десе еш қайғы
Баса алмас иықты, еңсені.
Егер сен оралсаң,
Тым ыстық даусыңды
Естірмін жер үйде болсам да.
Мың дауыс ішінен
Танып ап,
Жолыңа шығармын мен сонда.
Әлде сен
Соғыста жаралы болдың ба?
Шашымнан сипауға
Қуаты жетпей ме қолдың да?!
Сонда да оралшы,
Мен саған сыйлайын таң нұрын.
Сендегі азаптың
Өзіме алайын барлығын.
Мен сенем –
Келесің үйге сен оралып,
Көңілді күлкімен, өлеңмен,
Жеңіспен келесің, ол анық!
Қозғалмай тұруға
Жетер ме шыдамың?!
Мен сенің алдыңнан
Жүгіріп шығармын!
Кездесу сәтінде
Тұрғанда мойныңа асылып,
Шошынба көзімнен
Тамшы жас көргенде
үзілген.
Қалғанмын жасырып
Қоштасқан кезімде өзіңмен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу