Өлеңдер ✍️

  16.05.2022
  101


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Қиын емес

Сен барда шалқымаған болды ма күн,
Кетпей жүр құлағымнан сол бір әнің.
Есімде сонау думан...
Қолыңдағы
Бір шегі үзілгені домбыраның.
Күйшанақ көзімізше жараланды,
Ал біреу бастап кетті жаңа әнді.
Кеш бойы сайрап тұрған
сал домбыра
Бір сәтте керексіз боп қала барды.
Шанақта айтылмаған арман қалды,
Айрылды ол құдіретінен ән бардағы.
Қиын емес екен-ау
шырқап тұрып,
Үміт жібі үзілсе, бақ жанбауы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу