Өлеңдер ✍️

  16.05.2022
  173


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Қария отыр көзі соқыр...

Қария отыр көзі соқыр
Қайыр сұрап әркімнен.
Қалған ғұмыр құралады
Қайыршылық әр күннен.
Жүзі таныс,
Көршім бе екен?!
Жүрегі тас, қатыгез,
Мейірімсіз болғандықтан
Ұмыттым ба, бәлкім, мен.
Бір кезде онда достар болған
Зулап аққан таксимен.
Жігіт болған өзгелердей
Ғашық болып
Жар сүйген.
Бірақ бәрі ұмытылған,
Бәрі мұны ұмытқан.
Қазір олар әнін айтып,
Өріп жатыр басқа үйден.
Арақ ішті,
Мына өмірдің
Сияқты онда бәрі той.
Өкінеді,
Уақыт кетті.
Басып отыр ауыр ой.
Құм сияқты
Уысыңнан сусып кеткен қапыда,
Шашып алсаң,
Қиналғанмен
Жиналмайды-ау абырой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу