Өлеңдер ✍️

  16.05.2022
  77


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Жылойда

Сан түрі өскен гүлдердің,
Тойланып өткен күндердің
Ақсақал айтқан жыр етіп,
Дастаны қанша бұл жердің?!
Құт берген жері Құдайдың,
Кенінде осы мұнайдың,
Жігітті аттан құлатқан
Сұлуы болған Жылойдың.
Өн бойы жырдан жаралар,
Жыраулар тапқан Аналар.
Талдырып талай жүректі
Шай құйған Гүлжан, Саралар.
Жаңарған әуен Жылойда,
Жастарға албырт ұнайды, ә?
Бабалар айтқан сазды әуен
Шомылып жатыр мұнайға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу