Өлеңдер ✍️

  16.05.2022
  195


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Атырау

Құрманғазы күй пернеден
Көбік шашып жатыр-ау.
Сенде ешқашан болған емес
Ән мен күйден тоқырау.
Мұнайшылар мекені бұл
Бар әлемге бұл күнде
Жар салатын:
Құлсары деп,
Қашаған деп,
Атырау!
Ән мен жыры
Еркін елдің
Шырқатылып жатыр-ау.
Исатайың батыр туған,
Махамбетің ақын-ау.
Өткен күнің аңыз-дастан,
Ғажап дейді келешек,
Ұрпағыңа сыйың қандай,
Айналайын,
Атырау?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу