Өлеңдер ✍️

  16.05.2022
  860


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Сөйлейді Өктемдерді ығыстырып

Мекенде атын алған жыр алыбы
Шулатып жатырған кім Жуалыны?
Қазақтың даласы кең, сол кеңдіктен
Бауыржан, Шер-ағадай туады ұлы.
Ғасырлап отаршылық қысқан елде
Шерхан кім?
Сөз тыңдатқан күшті әлемге.
Ол – үні аруақтардың архивтегі,
Қайтадан жазған хаты Сталинге.
Сөйлейтін өктемдерді ығыстырып,
Шерхан кім?
«Қалаулым» деп білісті жұрт.
Халқының аштық көрген қайғысымен
Табыттан қайта тұрған Рысқұлов.
Жазса егер жүрегінің жарасы көп,
Шерхан кім?
Жүрген жастар ағасы боп.
Ол сырын қазақша айтқан Шыңғыс білем,
Сарыөзек, Мойынқұмның даласы боп.
Шерхан кім?
Кәрі-жаспен қол алысқан,
Бейнесін құйса лайық таза мыстан.
Әр үйдің, әр ошақтың мұңдасы ол –
Бүгінгі егеменді Қазақстан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Ақжүніс 8 сынып оқушысы
Өмір шіркін Қайтейін түсін бедім ол жайлы Тек күлумен қуанудан тұрмайды Қайтарада оны әттең алмайды Кім түсінсін, кім түсінсін бұл жайлы Жылатады, жұбатады әркімді Не айтайын құбылғыдай кәдімгі Бір сәт күлсең, екіншісін жылайсың Өмір шіркін тек күлуден тұрмайсың Маңыздысың, біреуге маңызды емес Керек болдың, біреуге керек емес Әр ісіңді сарала болып жатқан Әр уақытты бағала өтіп жатқан Өмір, өлім екі түрлі бауырлар Бұны тіпті түсін бейтін қауым бар Ей адамдар өлім дейтін жауың бар Сауабыңмен шектел мейтін тауың бар☝? Бағалап жіберсеңіз ?

Пікір жазу