Өлеңдер ✍️

  16.05.2022
  161


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Елеңдеп үніне ағынның...

Елеңдеп үніне ағынның,
Келер деп ақ шәлі жамылдым.
Бұл күнде жолыңа табындым,
Мен сені сағындым...
Өзіңдей елестеп бар сағым,
Жұлдызды санаудан шаршадым.
Сынамақ ойың бар қанша күн,
Мен сені аңсадым...
Сен болдың қалауы жанымның,
Ойға алсам есімнен жаңылдым.
Бұл күнде еркіңе бағындым,
Мен сені сағындым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу