Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  101


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Қыранға құздан келген...

Қыранға құздан келген
Сай оғаш сезіледі.
Ұясын бұзған жерден
Қарлығаш безінеді.
Өзендер тасып кетсе,
Арнаны құм басады.
Сүйгені қашып кетсе,
Жігітті мұң басады.
Тұяғы қайрылғанда
Жүйрік те оза алмайды.
Ғашықтар айрылғанда
Құшағын жаза алмайды.
Шыңдалар уақыт жетсе,
Көзден жас тамбайды екен.
Ақ айдын сатып кетсе,
Аққулар самғай ма екен?...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу