Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  127


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Біреу мені мақтап жатыр...

Біреу мені мақтап жатыр,
Біреу мені қаралап,
Біреу мені ақтап жатыр,
Біреу жанды жаралап.
Амал қанша,
Ақ көйлекке
Тез жұғады қара дақ.
Біреу мені айтып отыр,
Жаны жырға ғашық деп,
Біреу енді қайтып отыр,
Қулығы жоқ, жасық деп.
Амал қанша,
Жүрегімнің есігі жоқ
Кез келгенге
Көрсететін ашып кеп




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу