Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  117


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Таң нұры аймалайды мұнараны...

Таң нұры аймалайды мұнараны,
Бөлмеде жанып тұрды шырақ әлі.
Өлең бұзған ұйқымды тағы бұзды
Көбелектің отқа кеп құлағаны.
Жанып бітті көбелек, түк қалмады,
Қос қанаты ажалдан құтқармады.
Келе жатқан арайлы алғы таңды
Басқа тірлік асығып күтті алдағы.
Уақыт зулап, әр түрлі белесті өтем,
Көбелекті көзіме елестетем.
Оттай жанған өмірге мәңгі құштар
Ақын жүрек дәл сондай емес пе екен?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу