Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  79


Автор: Нүсіпбай Әбдірахым

Қоңырқай түнде, көңілден ұйқы қашқанда...

Қоңырқай түнде, көңілден ұйқы қашқанда,
Далаға шығып көз сап ем тылсым аспанға.
Жабырқап көкте тұр екен біздің жұлдыздар
Жанардан қазір үзіліп кетер жастардай.
Балалық қиял, бұлқынсам саған жетем деп
Бұлтарма менен есейіп кеткен екен деп.
Баламын мен де - жылтылдап тұрған жұлдыздар
Қорқамын бірде үзіліп кетер ме екен деп.
Жүрегім сыздап көп қарай бердім көкке мен,
Жұлдыздар, неге қарайсың маған өкпемен?
Біз бөлек кетсек мен емес ем ғой кінәлі,
Арманым ең ғой тірлікте қолым жетпеген.
Біз бөлек кеттік. Ал сендер бірге тұрсыңдар,
Сендердей бола алмадық біздер, тылсымдар.
Мен басқа жанмен, ол басқа жанмен түндерде
Жүреміз күліп сендерден ешбір қымсынбай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу