Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  93


Автор: Нүсіпбай Әбдірахым

Сені мәңгі ұмытам деп өз-өзіме сөз бердім...

Сені мәңгі ұмытам деп өз-өзіме сөз бердім,
Сөз бердім де өзім білмей қаншама рет өзгердім.
Қолдан жасап алған талай қаттылық
Еріп жатты аясында күлімдеген көздердің.
Ашуменен суретіңді жыртып тастап, қымбаттым,
Кейін соны басқалардың альбомынан ұрлаппын.
Ұмыттым деп жүрсем де әркез өзгеге,
Ұмытылмас бақытымды өлең қылып жырлаппын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу