Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  157


Автор: Нүсіпбай Әбдірахым

Келе ме мұңайғанмен өткен күнім...

Келе ме мұңайғанмен өткен күнім,
Ол күндер жасыл желек төккен гүлін.
Тек қымбат күндерімнің белгісіндей
Қадірлеп суретіңді сақтап жүрмін.
Кей кездер көңіл шалқып төгілгенде,
Ой шіркін тұңғиыққа көмілгенде.
Оңаша отырамын қолыма алып
Кездесіп қалғандай боп өзіңмен де.
Сөзім жоқ, саған деген сезім анық,
Үн-түнсіз отырамын мың толғанып.
Сағыныш сырлы сазын шертетіндей,
Кеудемде от сезімдер ойнақ салып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу