Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  126


Автор: Аманхан Əлімұлы

Кіді мінез қыс жайын көз көргелі...

Кіді мінез қыс жайын көз көргелі,
Ұшпа кеуіл қаншама сөзге ермеді, –
Ақ шалғаны болмаса самайымды,
Содан басқа ештеңе өзгермеді.
Болар бəлкім түбінде алды жырдың,
Жүрегімді жүгенсіз шалды бір мұң.
Мысық табан мезгілдің мінезінен,
Көңілімде көзсіздеу қалды кірбің.
Құшағына сап-салқын алған бақты,
Мір кем дүние мұңлылау жалғандатты.
Тіршіліктен түбі бір тірек табар,
Қорғансыздау көңілім қалған қатты.
Туған жердің қар басқан жыра, бағын,
Шуағымен жылытпай тұра ма Күн?!
Əзірше, сен, қыраулы терезедей,
Менің көңіл күйімді сұрамағын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу