Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  118


Автор: Аманхан Əлімұлы

Ақ айдын көлдің еркесін...

Ақ айдын көлдің еркесін,
Барасың, тағдыр, қайда алып? –
Қия алмай туған өлкесін,
Соңғы рет ұшты айналып.
Қайырылмай кетіп барады,
Қанатында қалқып арман жаз.
Мұңайған көзбен қарады
Кеудемде қыстап қалған қаз...
Кетердей қазір үгіліп,
Көк аспан төсі боркемік.
Көкжиекке күн тығылып,
Көкжиек жатыр өртеніп.
Алдымда таулар көлбеген,
Оранып апты ақ шəлі.
Таңдайы кеуіп шөлдеген,
Бақтың да, анау, жоқ сəні.
Қоңыр күз алтын айдарлы,
Ақтарылып жатыр ағынан.
Ұршықтай дүние айналды,
Патша-жаз түсіп тағынан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу