Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  124


Автор: Аманхан Əлімұлы

Төрт қабырғам түгелдей байқағанға...

Төрт қабырғам түгелдей байқағанға,
Мұңым бар деп жанымда айта алам ба?
Сан сүріндім қуатпен тоғыз балдық,
Арақ мені теңіздей шайқағанда.
Шайқаса да құлатпай тірлік кеме,
Қуатқа ерен бойдағы жүрдік сене.
Досыммен де кей кезде сыйыса алмай,
Жатымменен барушы ем бірлікке де.
– Тіршілікті сəбидің тынысындай,
Балаң жанды, қарағым, ұғысың-ай!, –
дейді ме Əкем, түсіме жиі енеді,
Кірісі мен өмірдің шығысындай.
– Тіршілікті жарыңның тілегіндей,
Жүрген жайың бар шығар біле-білмей, –
дейді ме Апам, алыстан үн келеді,
Баяу соққан ғұмырдың жүрегіндей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу