Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  103


Автор: Аманхан Əлімұлы

Боранмен сырласу

Ех, боран, боран сайтаның,
Қозған-ау, сірə, сезем мен.
Қайтемін, үйге қайтамын,
Өте алмай мұзды өзеннен.
Ақ құйрық бозбас құйынмен,
Үйіріп оңды-солыңды, –
Жаздырып көзді үйімнен,
Тастадың кесіп жолымды.
Болатын қамсау мал-жанға,
Шулайды тозған тоғай да.
Оралып үрмең шалғайға,
Жағадан алса оңай ма?...
Үркердей ауыл иті де,
Қояды үрмей мұндайда.
Қарайтын көңіл күйтіне,
Күлімкөз қамсыз күн қайда?
Шұбыртып шоңбоз шудасын,
Бұрқанып тұрған қарлы кез, –
Ақындау болып туғасын,
Мен де сендей бар мінез.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу