Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  114


Автор: Аманхан Əлімұлы

Уақыт құмға түстi iз бе кетпе...

Уақыт құмға түстi iз бе кетпе,
Жаз өтiп соқты желдi күз де бетке.
Жалмауыз кемпiр болып қу тiршiлiк,
Емес пе су бетiнде жүзген өкпе.
Көз алдым көлбең қаққан сағым көшкiн,
Тiрлiктiң балақ шалды қағын кештiм.
Болса да қанша ұста қолдан жасап,
Ешқашан бере алмайды бағымды ешкiм.
Кей-кейде оятады түртiп арман,
Тұтанып кететiндей шырпы жалған.
Бүгiнде самайымды қырау шалып,
Жастықтың өзi кетiп жұрты қалған.
Мысалы, айықпайтын шелдi көздi,
Күйе өсек түсіп ерте елдi кездi.
Сен онда он алтыда ең теппе кеуде,
Мен онда он сегiзде ем жел мiнездi.
Балықтай бауырына алтын басты,
Мезгiлмен жар жағалай жалқы үн қашты.
Жылағым келiп кетер өттi-кеттi,
Еске алсам махабаттың қалпын жасты.
От емес, өшiп-жанды қозға басқан,
Қаншама күндер өттi тозба бастан.
Есiме түссе сол кез жер еңiреп,
Тұрғандай көрiнедi боздап аспан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу