Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  135


Автор: Аманхан Əлімұлы

Қайыршы

Аяқ қолсыз қашалған тас түйiн бе,
Қайыр тiлеп отыр ол жас күйiнде.
Тиын түстес жапырақ түсiп жатыр,
Алдындағы күн жеген бас киiмге.
Тұнық жанар тұңғиық кешпе дер ем,
Одан мұң да, кей-кейде сес те көрем.
Жұмба көз көрме сен де көр соқырсың,
Жып-жылмаң желдей сен де еспе керең.
Ашар-ашпас мұндайда сыр керек пе,
Шайпау желмен шайқалып тұр терек те.
Қас қағымда шелектеп төгетiндей,
Булығады боз бауыр бұлт еректе.
Тартты дерлiк ырымға қай қабағы,
Туар əлi-ақ Құдайдың Ай табағы.
Бас киiмге жиналған жапырақты ол,
Төгiп желдiң өзiне қайтарады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу