Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  104


Автор: Аманхан Əлімұлы

Қашаннан дүниенi жалған бiлгем...

Қашаннан дүниенi жалған бiлгем,
Сыр айтам ендi есте қалған күннен.
Кеудемде Лəйлə деген қызбен бiрге,
Өлтiрiп махаббатты алғанмын мен.
Мезгiл-ай, есiп тұрған желмең белден,
Жас едiк екеумiзде елден келген.
Көктемнiң көлеңкесi сияқтанып,
Көйлегi етушi едi көлбең-көлбең.
Бұлақтай кей кездерi тұнамын да,
Бойымды алдырамын бұла мұңға.
Күй тартып, əн салатын қоңырлатып,
Тұр үнi əлi күнге құлағымда.
Күздегi жердей өмiр сыз-ау, көкем,
Қай жаққа қашан жастық iзi ауды екен.
Бүгiнгi жарым емес өлiп-өшiп,
О баста сүйген менi қыз-ау бөтен.
Кеудемде табы емес пе сырдың қалған,
Бұл күнде мұңға батып жүрмiн қарғам.
Жайларды еске салдың қай-қайдағы,
Көрiнiп ақ қайыңдай тұрдың да алдан.
Тым албырт алып ұшпа жаста қызба,
Сенi сүйiп, үйлендiм басқа қызға.
Бəрiде өттi-кеттi, өкiнiшпен,
Аманхан ендi босқа жасты ағызба.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу