Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  108


Автор: Аманхан Əлімұлы

Жел

Табатын еркiн есiп түзден емiн,
Мен деген бiле-бiлсең Күз демi едiм.
Тығылып қойыныңа қош таппадым,
Сен менi ендi қайтып iздемегiн.
Бəрiнде шығаратын бертiн естен,
Жел едiм бiр кездерi еркiн ескен.
Ернiңнен бал татып, елтiгенмiн
Табыла қоймас, сiрə, көркiңе еш тең.
Бəсеңдеу тартқан қазiр жел мiнезiм,
Лайлау тартқан мөлдiр көлдi көзiм.
Бүгiнде баяғыдай есе алмаймын,
Сеземiн етек басты келдi кезiм.
Табылмай көңiл жайлар төсекте емiм,
Таусылды Алла жазды десек демім, –
Сонда сен есiк қақса жел мезгiлсiз,
Аманхан келiп тұр деп есептегiн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу