Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  114


Автор: Аманхан Əлімұлы

Жусан

Ұнатамын жусанды кермек дəмді,
Бозторғай да салмайды ермекке əнді.
Бір мұң қоздап қапалы көңілімде,
Бір сағыныш барады кернеп жанды.
Жападан жалғыз тұрмын кешкі белде,
Тұрмайтын қолды-аяққа есті жел де.
Қабағы ашылмастан кіді күннің,
Секілді көрсететін сесті елге.
Көзіме көрінеді күзгі Ай шерлі,
Жастанып жатыр апам мұздай жерді.
Шымырлап кеуде тұсым шыдас бермей,
Жабыңқы жан жүрегім сыздай берді.
Бір сезім түсініксіз кернеп жанды,
Көзіме жас келеді кермек дəмді.
Бозаңда бойтұмардай бозторғай да,
Салмайды сезеді ішім ермекке əнді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу