Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  122


Автор: Аманхан Əлімұлы

Музаға

Өзіммен өзім қалып ой кешкенде,
Сыр тартып не тірлікпен сөйлескенде, –
Мен сені «Қарындасым қандас» – деймін, –
Бералмас көктен басқа бойға еш пенде.»
Қарамай жалқы жүрек, рең-жүзге,
Қалыпты-ау келіп керме үз күрең күз де.
Сарыала сағыныштың мұңы шалған,
Білмеймін табар ма ол бір ем бізге.
Тірліктің жұтаң-жүдеу түрі мынау,
Тас тағдыр тастаған бұл құрығың-ау.
Өлең-жыр өмір болып өрілмесе,
Жан семіп сен де, мен де құрыдық-ау.
Бұлтты көктің келер күркірімен,
Мұңды Муза Алланың ырқы, білем.
Алып бірге кетермін оны өзіммен,
Өткенімде өмірден бір күні мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу