Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  118


Автор: Аманхан Əлімұлы

Күй емес еді кешкен бұрын бастан...

Күй емес еді кешкен бұрын бастан,
Жастығым өтті-кетті бұрылмастан.
Қалдырмай кірбең жанда ұзақ түнге,
Қайдасың қалқа қыз-ай сырымды ашқан?
Бүгінде сен де басқа, мен де басқа,
Тынбастан соғып тұрған жел де қасқа.
Түсірем деуші ем сені келін етіп,
Отырған қатпа шалға өлме жаста.
Мен сендей жанды бұрын көріп пе едім,
Көзқұрты, көңіл ауды көрікті едің.
Сүйісіп тұрған кезде, сүлік сорды,
Кететін ерінімде еріп демің.
Келетін кереметтей қайлы деске,
Түсіріп тұрмын небір жайды да еске.
Сырт көзге патша тағы сияқтанған,
Тіземде отыратын Айлы кеште.
Көңілім бұзылмайтын алғыр, көкем,
Мысалы, Сырға салды сал бір бекем.
Қаншама еріндерді ақжем етіп,
Қанша ол тізелерді талдырды екен.
Жолықпай жүрген əлі иесіне,
Түседі о қыз неге жиі есіме?
Қанатын ерте от шалған көбелектей,
Əлде ол махаббаттың киесі ме?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу