Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  132


Автор: Аманхан Əлімұлы

Ғашықтық, тә

Қанатын қара бұлттар жая қашты,
Күркіреп бір.
Күн ашық, соқыр жаңбыр аяқ асты,
Сіркіреп тұр.
Мысалы, оны майда сірке делік,
Жауып тұрған.
Барады үрке қашып бір топ елік,
Ауып қырдан.
Қызғалдақ қырдың сəнін келтіреді,
Қыз ерінді.
Етегін бойжеткеннің жел түреді,
Үзер үнді...
Көгенін түс ауса да үзбеген бе,
Қозы аулада.
Піспеген басы əлі қыз дегенде,
Боз-ау бала.
Жер шұқып тұрысы анау көзіменен,
Жасықтық па?
Бұзылды о, шіркіннің сөзі неден,
Ғашықтық , тə...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу