Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  384


Автор: Аманхан Əлімұлы

Құрдас келіншекке

Ей, ару, арқау болған жырға біздің,
Өзі жоқ ізі қапты сырғаңыздың.
Қысылып-қымтай бердің етегіңді,
Салқыны жайсыз тиіп тұр ма күздің?
Оралып ойнай берді жел де етекпен,
Көңілді жағалауға сел де тепкен.
Отыз жыл өте шықты омыраулап,
Кездестік оңып-тозды белде шөккен.
Жасырын жүрек сырын ашты қымыз,
Қағынды қайталанбас жастығымыз.
Жоқ қазір сезім лебі көзге ұратын,
Сап көңіл, сап-сап көңіл бастығыңыз.
Десем де қыз қылығың жөн-ау да екен,
Қызығың кетті алдырмай сон...а-ауға тең.
Шетсіз де шексіз шетін ұстатпайтын,
Бұл өмір бұлтаңы көп, жол-ау, көкем.
Кезім жоқ еді саған сырды ашпаған,
Жастығым өтті-кетті жыр бастаған.
Қызығың бұйырмады жас кезімде,
Ендігің таңсық емес құрдас, маған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу