👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  49


Автор: Аманхан Əлімұлы

Жұрты қалған, оралмас жастық қайта...

Жұрты қалған, оралмас жастық қайта,
Бір кездегі бердің-ау мастықты айта, –
Жетпіс келе жатқанда тұсау салды,
Қанша белден қар шалды астық, байқа.
Алып ұшқан бастығып желді басым,
Салмақ тартты сабырға келді жасым.
Сайға құйған тірлігім су сияқты,
Тəңір берді несібем ендігі асым.
Мойымаушы ем, бірмойын жас шағымда,
Шыныменен шау тарта бастадым ба?
Буып-түйіп отырмын ғұмырымды,
Жиып-терген сияқты қас қағымда.
Кəріліктің қабағы қыраулы екен,
Мен ұқпайтын ішбақты сыр-ау бөтен.
Ақ кебінге оранған қыстай өлме,
Есік қағып мезгіл де тұр-ау, көкем.
Бунақ-бунақ буғандай сеңді Сырға,
Жиналмасқа қалды не енді қырға.
Тұр азынап қу тірлік түндік қақты,
Келе-тұғын келмеске желді бұрға.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы