Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  76


Автор: Ахмет Өмірзақов

Қыс

Қарауытып мен келем. Аппақ əлем – айналам.
Неге екені белгісіз, көңілде жоқ жайдары əн.
Болғанымен кіршіксіз көргенге бір қыс мынау,
Тұрысында бір қатал өң бар сынды сұстылау...
Тоқтаған бір сəтімде оған лайық жырды іздеп,
Құлағымды аяусыз тістеп алды тілсіз леп.
Бұнысына мəн бермей шығар деп ем бір сыны,
Байқаусызда тағы да мұрынымды шымшыды.
Жүріп кеттім содан соң – жазып «аяқ жазуын»,
Табаныма бір нəрсе салып жатты азуын!
Қорланғандай бейне бір жатқанға аяқ асты боп,
Қарш-қарш етті əлгі азу, ызалы ма басты деп?
...Қарағанда абайлап – жасын өтті шекемнен,
Сұлаған ақ қасқырды таптап келеді екем мен!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу