Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  144


Автор: Ахмет Өмірзақов

Бекеттен қалған бес өлең

Бір асыл – ардақ тұтар атам Бекет,
Ол жайлы сөз болғанда жатам ба тек?!
Жүректі бір күдіктен аршымасам,
Қорқамын зор күнəға батам ба деп!..
Шыққасын шындық іздеп жолға мына,
«Тапқыштың» таң қалмаймын «толғамына».
Бекеттей құдіреттен қалған өлең –
Кім кепіл – дəл осындай болғанына?!
Жазбайды қасиеттілер құнсыз жырды,
Əулием қай ісін де мінсіз білді!..
Қол созса – қор болады,
Асылықпен
Ашам деп əулекілер Үнсіз Сырды!..
Жайқалтып орман қылған бұтақты алуан,
Кезі жоқ Ұлы Өнердің жұтап қалған.
Бекеттен Қазақ деген жамағатқа,
«АҚИҚАТ – АЛЛА» деген кітап қалған!..
Бейнесі орын алар қақ төріңнен,
Бес Жыр бар сол кітапта ҺАҚ көрінген:
Ақмешіт, Ескі Бейнеу һəм Байшағыр,
Тобықты, Оғыланды деп ат берілген!
Білмеймін бұл Бесеуден басқаңды мен,
Атамның құдіретін Аспан білем!
Бастарда бəйітімді
«Я, Бекет!» деп –
Парақты дəптеріме тастан тілем!
Шындыққа жыр көрігін үрлетемін,
Бақиға ақиқатпен бір кетемін!
Қор қылмай ит сарыған қағазыңа,
Толғауын тасқа жазған Пір Бекетім!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу