Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  280


Автор: Құралай Омар

Шимайланған алақан – шиыр-шиыр жолдарым...

Шимайланған алақан – шиыр-шиыр жолдарым,
Бақытым деп күтіп ем, сен де бақыт болмадың.
Жанардағы бір сезім жылай-жылай суалып,
Көрмейсің бе көңілім бірте-бірте солғанын.
Тағы алдымда шұбылып тарам-тарам жол жатыр,
Ұстай алмай үмітті қарманады қол да құр.
Жетегіңе ілессем, түнекке енбес деп едім,
Күздің басып тұманы, адастырды ол да ақыр.
Жасқа толы жүректің ішінде Жан тұншығып,
Батып кетіп барады, көзім отыр мұң сығып.
Тұманын-ай даланың, тұманын-ай сананың,
Қуантады қай күні көкжиектен Күн шығып..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу