Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  98


Автор: Құралай Омар

Жел болар ма едiм, самал боп саған жетер ем...

Жел болар ма едiм, самал боп саған жетер ем,
Қар болар ма едiм, қолыңда ерiп кетер ем.
Сағыныштың сан батпан ауыр салмағын
Қалайша, жаным, көтерем?
Құс болар ма едiм, жаныңа ұшып барар ем,
Нұр болар ма едiм, тау тұлғаңа тарар ем.
Менiмен бiрге сағыныштан сарғайып,
Кеткендей, жаным, бар әлем.
Ай болар ма едiм, түндерде саған қарар ем,
Ақ нөсер болсам, терезеңдi қағар ем.
Өзiңсiз күндер өтпедi, тiптi өзiңсiз,
Атады, жаным, таң әрең.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу