Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  109


Автор: Құралай Омар

Сен менiң жүрегiмдесiң, жыр елiмдесiң.

Сен менiң жүрегiмдесiң,
жыр елiмдесiң.
Адасқанда өмiрдiң түнегiнде шын.
Жол көрсетер бағдаршым, тiрегiм де-сiң.
Әйтеуiр ең iзгi тiлегiмдесiң.
Сен менiң арманымдасың,
ар, қанымдасың.
Нәп-нәзiк кiрбiңi жоқ қар – жанымдасың.
Жарқ етiп сөнгенiнше жалғаным – жасын,
Тәкаппар талғамымдасың.
Сен менiң сөздерiмдесiң,
кездерiмдесiң.
Белгiлi, басқа жанды көзге де iлмесiм.
Өзiң ғана сыр тұнған көздерiмдесiң
...Түсiме өзге кiрмесiн...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу