Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  94


Автор: Құралай Омар

Қолыма қондың, ерiп кеттiң...

Қолыма қондың, ерiп кеттiң,
Айналдың мөлдiр тамшыға.
Ғұмырың қысқа нелiктен тым?
Жанымды, ақ қар, жаншыма.
Қара жерге асықтың да,
Қас қағым сәтте құладың.
Бiлмеймiн, саған ғашықпын ба,
Қимадым жерге, жыладым.
Көзiме тидiң, тұрақтамадың,
Жас болып кеттiң ағылып.
Болмады басқа бiрақ та амалым,
Таптадым сенi, ақ үмiт.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу